Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданында тұратын 92 жастағы кейуана коронавирустан құлан-таза айығып, ауруханадан шықты, деп хабарлайды karasayinfo.kz Qazaqstan ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Моншақ Кенжалиева бір апта бұрын екі жақты пневмония диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің біліктілігі және дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында әжеміз сырқатты жылдам жеңіп шыққан. Сырқатынан сауыққан Моншақ апа дәрігерлерге ризашылығын білдіріп, бүгін өз шаңырағына оралды.
– Дәрігерлердің арқасында 2 күн болды адам болып отырғаныма. Рахмет. Бақытты болыңдар. Әрбір емдерің халыққа шипа болсын, – деп алғысын жеткізуде қариямыз.