Жандосов ауылындағы есептік кездесу

Жандосов ауылындағы есептік кездесу

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев екінші есеп беру жиналысын Жандосов ауылдық округінде өткізді.  Оған Алматы облыстық мемлекеттік сатып  алу басқармасы басшысының орынбасары  Ілияс Шайнүсіпов қатысты, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Алдымен аудан басшысы тұрғындар алдында өткен жылда атқарылған жұмыстың қорытындысын баяндады. Оның ішінде, әрине, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сараптама жасап, жеткен жетістіктер мен әлі де жалғасын тауып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Атап айтқанда, аудан басшысының ұйытқы болуымен тұрғындардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар оңды істер қолға алынған болатын.  Мысалы, өткен жылы  Жандосов ауылында учаскелік полиция пунктінің  құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. Ағымдағы жылы Шалқар ауылының жаңа көшелеріне құбыр тарту жұмыстары жалғасын табатын болады. Оған қоса Жандарбек Ермекұлының қолдауымен  сан жылдар тізбегінде күн тәртібінен түспей келе жатқан ауыз су мәселесі түбегейлі шешілмек.  Яғни,  сумен қамтамасыз ету жұмыстарына қажетті   қаражат бөлінген. Енді республика көлемінде жарияланған байқаудың шешімінен соң осы жылы жүзеге асырылатын болады.

Алайда тіршілік болған жерде тұрмыстық мәселелердің туындауы заңдылық. Соның бірқатары бүгінгі аудан әкімінің есептік жиынында көтеріліп, ортаға салынды. Мәселен, мәдени ошақтардың қалыптасуы, дәрігерлік амбулатория мен балабақшаның қажеттілігі  жайлы айтылды. Ауылдағы ескірген пошта бөлімшесі ретке келтірсе деген  өтініш жасалынды. Оған қатысты аудандық пошта торабының басшысы Ұлықбек Қапалбеков бірден жауап беріп,   бұрынғы орнына  жаңа ғимарат  салу биылғы жоспарда тұрғанын айтып қуантты.    Шалқар ауылындағы балабақша ғимараты кезінде жекеменшікке өтіп кеткендіктен, қайтадан  мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.   Округті  газбен қамтамасыз ететін  «Сигма»  ЖШС-і алдын ала төлем қабылдамауы көпшілік үшін қолайсыздық тудырған. Жиын барысында аталған мекеменің өкілі осы мәселенінің  қарастырылғандығын, жуық арада шешілетін жеткізді

Жиын соңында  аудан әкімі әдеттегідей кейбір әлеуметтік мәселелерді тиісті бөлім басшыларына тапсырып, күрделі жұмысты қажет ететін істерді уақыт талабымен іске асатынын айтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях