12 сәуірден «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау басталады/    С 12-го апреля начинается прием заявлений по программе «Бақытты отбасы»  

12 сәуірден «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдау басталады/      С 12-го апреля начинается прием  заявлений по программе «Бақытты отбасы»   

Қарасай ауданының коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың  назарына!  2021 жылдың 12 сәуірінен «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдаудың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы Қарасай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне сілтеме жасап.

Бағдарламаға көп балалы отбасы, толық емес отбасы (некені бұзу сәтінен бастап 3 жылдық мерзімнің өту керек), мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасы қатыса алады.

Қарасай ауданы бойынша ЖАО есебіндегі кезек күтушілердің Бағдарламаға қатысу үшін кезекке қою кезеңі: 2009 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі мерзімді қоса алғанда.

Өтініштер тұрғын үйге мұқтаж жандар ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтардан ғана қабылданады, олардың  отбасы мүшелеріне есептегендегі ай сайындағы табыс 106 336,0 теңгеден аспауы керек және заем сомасынан 10% көлемінде бастапқы жарна салу міндетті.

Банктің www.hcsbk.kz сайтына электронды өтініш беру қажет.

Барлық сұрақтар бойынша Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі, 213, №3 кабинет, Қарасай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөліміне хабарласуға болады, байланыс телефоны: 8 (727 71) 2-99-30.

________________________________________________________________________

Вниманию очередников, стоящих в очереди на получение жилья из коммунального жилищного фонда или арендованного местным исполнительным органом (МИО) в частном жилищном фонде Карасайского района! С 12-го апреля 2021 года начинается прием заявлений по программе «Бақытты отбасы», – передает karasayinfo.kz со ссылкой на отдел жилищно-коммунального хозяйства и жилищной инспекции Карасайского района.

Участниками данной Программы могут быть многодетные и неполные семьи (при условии истечения трехлетнего срока с момента расторжения брака), а также семьи, имеющие или воспитывающие детей-инвалидов.

Период постановки очередников МИО на учет для участия в Программе по Карасайскому району: с 2009 по 2021 год включительно.

Заявления принимаются только от граждан, состоящих на учете в местных исполнительных органах в качестве нуждающихся в жилье, обладающих доходом, не превышающем 106 336,0 тенге на одного члена семьи, и имеющих возможность осуществить первоначальный взнос в размере от 10%  от суммы займа.

Заявления принимаются на сайте Банка www.hcsbk.kz.

По всем интересующим вопросам необходимо обращаться по адресу: Карасайский район, г. Каскелен, ул. Абылай хана, 213, кабинет № 3, отдел жилищно-коммунального хозяйства и жилищной инспекции Карасайского района, контактный телефон: 8 (727 71) 2-99-30.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях