Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөніндегі Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Аталған қаулыда «Нұр-Султан қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құрылсын, мекеменің штат санын 33 бірлікке орнатылсын, Президенттік әкімшілікті құру жөніндегі уәкілетті органды анықталсын, мекеменің директоры лауазымына Президент тағайындайтын және қызметтен босатылатыны анықталсын», делінген. Енді Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің орталық коммуникациялар қызметі таратылып, оның мүлкі жаңа құрылған мекемеге өтеді. Ал, Президент Аппараты Қаржы министрлігімен бірлесіп мекемені ғимаратпен қамтамасыз ету тапсырылған. Орталық коммуникациялар қызметі Ақпараттық және әлеуметтік даму министрлігінің қарамағында жұмыс істейтін болады. Бұл мемлекеттік орталық коммуникациялық алаңы орталық атқарушы биліктің барлық баспасөз қызметтерімен, отандық және шетелдік БАҚ-терімен әрдайым тығыз қарым-қатынаста болады.
ОКҚ БАҚ үшін ақпараттық-аналитикалық материалдар дайындайды, мемлекеттік органдардың нұсқаулықтары мен негіздерін әзірлейді. Аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметкерлеріне арналған тренингтер мен семинарлар өткізеді.
Ал, Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне Талғат Қалиев тағайындалды. Талғат Бегімұлы «Kaliyev Channel» Telegram арнасының авторы, саясаттану ғылымдарының кандидаты. Осыған дейін, әр жылдары журналист, ішкі істер министрінің кеңесшісі, Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық ақпарат Комитетінде, Қазақстанның Әзірбайжандағы елшісінің кеңесшісі болып жұмыс істеді. Таяуда Талғат Қалиев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кірген болатын.