Отбасына пәтер сыйлаған «періште»

Отбасына пәтер сыйлаған «періште»

 Алматы облысы Талдықорған қаласында туған Муслима Саматқызы Қазақстанның 18 миллионыншы тұрғыны ретінде тіркелген болатын. Тұңғыш Президент күні қарсаңында өңір басшысы Амандық Баталов бұл отбасына жаңа баспана кілтін табыс етпек. Осылайша, үстіміздегі жылдың 11 мамырында өмір есігін ашқан періште шаңырақ астындағы шаттықты еселей түсті.

Муслима отбасындағы екінші нәресте. Туған кезде салмағы 3300 грамм, ал бойы 51 см болған. Анасы Омарханова Диана Ерикқызы – дефектолог, 1991 жылы туған, әкесі Бестыбаев Самат Еркінбекұлы – мұғалім, 1982 жылы туған.

Айта кетсек, жалпы Тәуелсіздік жылдары ішінде халық саны 1 562,5 мың адамға немесе 9,5%-ға өсіп, осы жылдың 1 маусымында 18 014,2 мың адамды құрады.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях