Жетісу өңірінде 35 жаңа нысан ашылады

Жетісу өңірінде 35 жаңа нысан ашылады

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Алматы облысында Тұңғыш Президент күні қарсаңында бірқатар жаңа нысандарды қолданысқа беру жоспарда. Олар негізінен мектептер, мәдениет үйлері, дәрігерлік амбулаториялар, балабақшалар,  учаскелік полиция қосыны сияқты әлеуметтік маңызды мекемелер болмақ.

Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өңірлік коммуникациялар алаңындағы брифинг кезінде мәлімдеген.

Жақсылық Мұқашұлының айтуынша, алда келе жатқан Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күнін мерекелеуге дайындық әлдеқашан басталып кеткен және бұл айтулы мейрамдарды жетісулықтар үлкен жетістікпен қарсы алуда. Осы екі мерекелік күнге барлығы 100 жаңа әлеуметтік нысан ашу көзделсе, 1 желтоқсанға олардың 35-і өз есіктерін халыққа айқара ашпақшы.

Солардың ішінде Шамалған ауылындағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының орны ерекше. Бизнесмендер мен демеушілердің қолдауымен тұрғызылған бұл орталықта Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының бала шағынан бастап бүгінгі күнге дейінгі өмір белестері көрініс табады. Қорда Президенттің  90-ға жуық жеке заттары, 250-ден астам түрлі кітап болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях