Қонаевта «Ассамблея жастары» республикалық слеті өтті

Қонаевта «Ассамблея жастары» республикалық слеті өтті

Алматы облысы үш күн бойы республиканың әр аймағынан келген жастарды қарсы алды. Күні кеше Қонаев қаласына «Жаңа Қазақстан – тарих, дәстүр және мүмкіндік бірлігі» ассамблея жастарының слетіне қатысушылар жиналды. Айта кетерлігі бұл шара республика жастары үшін көптен күткен оқиғаға айналды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Ел жастары үш күнде Кеген ауданындағы Дінмұхаммед Қонаев атындағы мемориалдық мұражайға барды. Ауыл ақсақалдармен кездесіп, әңгіме дүкен құрды. Алматы облысының ең көрікті жерлері Көлсай көлдері, Қайыңды және Шарын шатқалының әдемілігін тамашалады.

Сонымен қатар кеше Қонаев қаласында өңір басшысының орынбасары Батыржан Байжұманов пен ҚР Мәжілісінің депутаты Вакил Набиевтің қатысуымен республикалық жастар слеті өтті.

«Алматы облысы еліміздегі көпэтносты өңірлердің бірі. Облыста 100-ден астам этнос бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатыр. Өңірде 300 мыңға жуық жас бар. Мен жастардың басым бөлігі халықтың әлеуметтік белсенді бөлігі санатына жататынына сенімдімін. Сіздер аймақтың тыныс-тіршілігіне белсенді араласа отырып, біз жаңа Қазақстанды құрамыз. Бүгінде жастардың бойында жоғары азаматтық жауапкершілікті, патриотизмді, қалыптастыру біздің басты міндет. Ал, «Ассамблея жастарының» мүшелері қойылған барлық міндеттердің орындалуына өз үлестерін қосады деп сеніммен айтамын», — деді Батыржан Құлаймергенұлы.

Жиында өзге слет қатысушылары да сөз алды. Мәселен, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев «Ассамблея жастары»РҚБ қазіргі Қазақстандағы даму перспективасы» тақырыбында баяндама жасады.

Өз кезегінде «Қазақстанның ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы Рустам Қайраев тарихты жаңа форматта оқу туралы айтып берді. Ал, «Ассамблея жастарының» Алматы облысындағы төрағасы Руфина Усанова аймақ бойынша қоғамдық бірлестіктің қызметі туралы баяндап, Конаев қаласын дамыту мақсатында креативті идеялар платформасын құруды, республикалық «Тәлімгер» жобасына менторлықты ұсынды.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях