Медицина қызметкерлерінің балаларына сыйлық үлестірілді  

Медицина қызметкерлерінің балаларына сыйлық үлестірілді   

Қарасайлық  медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбуктер тарту етілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Елімізде кеңінен етек алған қауіпті дерт  – коронавирус инфекциясымен күресу жолында ақ халатты абзал жандардың  еңбегі  ерекше екені сөзсіз. Олар карантин уақытында үйлеріне бармай, отбасыларын көрмей науқастардың денсаулығын жақсарту үшін бар күштерін салуда. Тіпті, төтенше жағдай кезінде қашықтан оқып жатқан балаларының сабақтарын бақылауға мүмкіндіктері болмай жатыр.  Олардың осы қиын кезеңде қалтқысыз  істеп жатқан жұмыстарын ескерген   «Әлеуметтік даму қоры» мен Назарбаев Университеті бірлесе демеушілік жасап  100 медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбук  сатып алды.  Жүз ноутбуктың  он екісі біздің қарасайлық медицна қызметкерлеріне бөлініпті. Бүгін сол тізімге енген ақ желеңділерге Қарасай аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Марат Ақылбеков пен атлған мекемедегі  кәсіподақтың басшысы Сәуле Малгараева   ноутбуктер табыстады.  Шара барысында тек бес қызметкерге ғана үлестірілді.  Қалғандары инфекциялық бөлімде жұмыс істейтіндіктер карантиннен кейін беріледі.  Аталған отбасылар аудандық орталық ауруханасы ұсынған мәліметтер негізінде әлеуметтік жағдайына қарай таңдалған. Басым бөлігі жалғызбасты және көп балалы  медбикелер мен санитар, фельдшерлер.  Сыйлықты алған медицина қызметкерлері демеушілерге ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях