ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын 30 пайызға көтеруге қатысты есеп-қисапты жариялады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі. Бұл туралы ҚазАқпараттың ресми сайтында жария болды.
Министрдің ресми мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 1 шілдесінен бастап, жалақысы төмен барлық медбикелер және кіші медициналық персоналдың табыстары 30 пайызға ұлғаяды.
– Мейірбикенің орташа жалақысы 76 мыңнан 100 мыңға дейін көтеріледі. Ал кіші медициналық персоналдың айлығы 48 мыңнан 64 мыңға артады. Оған қоса, жоғары сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәрігерлердің жалақысы да ұлғаятын болады. Жалпы, 225 мыңнан астам медицина қызметкерлерінің жалақысы өседі. Осыған орай, 2019 жылы республикалық бюджеттен 37,6 миллиард теңге, ал 2020 жылдан бастап 78,7 миллиард теңге бөлінеді», — деді министр Елжан Біртанов бүгінгі Үкімет отырысында.