Ұлы Жеңіс ұлықталған күн

Ұлы Жеңіс ұлықталған күн

Бүгін ауданымызда  Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

9 мамыр – Ұлы Жеңістің дабылы қағылып, дүние жүзіне қауіп төндірген фашистік Германияның жеңіліс тапқан күні. Бұл сұрапыл соғысқа қазіргі Қарасай, бұрынғы Қаскелең ауданынан 8 мың азаматы аттанып, олардың 4416-сы ғана елге аман оралса, қалған 3500-ден аса боздақ, майданда опат болды. Бүгінгі күні ауданымызда 12 Ұлы Отан соғысының ардагері, 45 ардагерлердің жесірлері, 908 тыл еңбеккерлері бақуатты өмір кешуде.  Осы қатары сиреп бара жатқан батырларымызға жыл сайын арнайы құрмет көрсетіліп, мерекелік шара ұйымдастырылады. Биыл  Ұлы Жеңістің 74 жылдығына да бұл үрдіс жалғасын тауып, орталық алаңда аудан әкімі Жандарбек Далабаев алаңға жиналған тыл еңбеккерлерін, ауған соғыс ардагерлерін және Ұлы Отан соғысы майдангерлерінің ұрпақтарын атаулы күнмен құттықтауымен басталды. Сол мерекелік шара барысында Жандарбек Ермекұлы бастаған мекеме басшылары, қоғам белсенділері «Мәңгілік алауға» барып, майданда шейіт болған батырлардың асқақ рухын ардақ тұтып, гүл шоқтарын қойды. Одан кейін мереке иелері бірдей киімдегі, дәліз құрап, қошемет білдірген оқушылар арасынан өтіп, «Достық» мейрамханасына жайылған ақ дастарханға бет алды.

[su_custom_gallery source=»media: 9638,9639,9640,9641,9642,9643,9644″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Мерейлі жиын әрі қарай орталық стадионда жалғасын тауып, концерттік бағдарламаның  шымылдығын аудандық Мәдениет үйі өнерпаздары қойған сахналық көрініспен ашылды. Сонау 1941 жылғы сұрапыл соғыстың алғашқы кезеңінен бастап, әскерге жарамды еркектердің майданға аттануы, айрандай ұйып отырған халықтың басына үйірілген қара бұлттың, қасіреттің орнауын баяндалды. Қойылым соңында радиодан Ұлы Жеңістің үнхабары жарияға жар сала таралды. Жан тебіренткен бұл көрістен соң  аудан басшысы Жандарбек Ермекұлы құттықтау сөз сөйлеп, атаулы күннің маңызына тоқталып, жақсы тілегін арнады. Ардагерлеріміздің қайсарлығы мен ерлігіне кейінгі буын әрдайым тағзым етіп, құрмет тұтып, есімдерін мәңгі ұмытпайтынын жеткізді. Сонымен қатар, шара барысында аудандағы мектеп оқушыларынан құралған саптық шеру жүріп өтті.    Бұл күні алаңға аудан тұрғындары өте көп жиналды. Қарасайлықтар концерттік бағдарламаға арқау болған патриоттық сарындағы әншашу мен көрініспен ерекше әсермен қайтты.

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях