Конституция күніне орай облыста жаңа мектеп қолдануға берілді  

Конституция күніне орай облыста жаңа мектеп қолдануға берілді   

Конституция күніне орай Алматы облысында жаңа мектеп қолдануға берілді. Заманауи білім ошағы Панфилов ауданына қарасты Аққұдық ауылында ашылды,  деп хабарлайды karasayinfo.kz. 

Панфилов ауданы әкімдігінің мәліметінше, аталған мектеп  2020 жылдың желтоқсан айында апатты деп танылған. 120 орынға арналған жаңа ғимараттың құрылысын «Нұр-Шапағат Құрылыс» ЖШС жүргізді. Екі жылға кепілдікпен салынған білім ошағы барлық материалдық-техникалық жабдықпен қамтылған. Жалпы ауданы 2736,84 шаршы метрді құрайтын ғимаратта 126 оқушыға 28 ұстаз сабақ береді.

Ашылу салтанатында аудан әкімі Талғат Өмірәлиев жерлестерін Конституция күнімен құттықтай отырып, өңірдегі білім саласының дамуынада  тоқталды.

Айта кетерлігі, Панфилов ауданында шет елді мекендердегі мектептер де жаңалануда. Мәселен, Басқұншы ауылындағы 300 орынды және Қорғас ауылындағы орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары іске асуда.

Еске салсақ, Алматы облысында биыл 33 мектеп салынуда. Биыл оның 9-ы және 1 қосымша ғимарат қолданысқа беріледі. Оның ішінде 1 қыркүйек күні Қарасай, Іле, Ескелді және Панфилов ауданында 6 жаңа мектептің кілті табысталады. Одан бөлек 3 жеке мектеп қолданысқа беріледі деп күтілуде. Оның 2-і Білім күні есігін айқара ашпақ.

 

 

Оставить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях