Жыл басынан бері елордада 11 үрмелі батут өз жұмысын тоқтатты

Жыл басынан бері елордада 11 үрмелі батут өз жұмысын тоқтатты

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Төтенше жағдайлар департаменті және аудандық әкімдіктерімен бірлесе отырып, балалардың жарақаттану және өлім-жітім оқиғаларының көбеюіне байланысты үрлемелі батуттардың жұмысын уақытша тоқтатуға бағытталған шараларды қабылдады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы елорда әкімдігінің ресми сайты.

Инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының хабарлауынша, Орталық, «Жетісу», «Жерұйық» және «Студенттік» саябақтарының әкімшілігі жүргізген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан 11 үрлемелі батут жұмысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта қала әкімдігі сауда, ойын-сауық орталықтары аумағында ойын-сауықтық нысандарды орнатуға рұқсат бермейді. Кәсіпкерлер сауда орталықтарында және басқа да жекеменшік объектілерде батуттарды қоятын екі кәсіпкерлік субъектісі арасында жалдау шарты негізінде орналастырады. Сонымен қатар, заңды тұлғаның жарғысында, атап айтқанда, сауда орталығының иесі аумақты жалдауды қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, саябақ әкімшіліктері келісім-шарт бойынша жел секундына 10 метр жылдамдықпен соққанда, ауа-райының тұрақтанғанына дейін батуттар және аттракциондар жұмысын тоқтатуы тиіс.

– Сонымен қатар, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіптік даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті батуттардың және аттракциондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережесін әзірледі,  – деп атап өтті инвестиция және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях