Жол апатынан мерт болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі

Жол апатынан мерт болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі

Ақмола облысында жол апатынан мерт болған полиция қызметкерлерінің әрқайсының отбасына 11 миллион теңге көлемінде көмек беріледі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі кезде екі полиция қызметкерінің өліміне әкеп соқтырған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Аталмыш санкция бойынша күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

– Облыстық полиция департаменті қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған полицейлердің отбасына 11 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді, – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях