2024 жылдың шілде айының 09 жұлдызынан бастап аудан әкімінің №43 жеке құрам өкімімен Қарасай аудандық ішкі саясат бөлімінің жаңа басшысы ретінде Жазира Беркімбаева тағайындалды, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.
«ҚР-ның мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына және Қарасай ауданы әкімі аппаратының конкурстық комиссиясының 2024 жылғы 05 шілдедегі қорытынды отырысының №1 хаттамасы негізінде Беркімбаева Жазира Бейбітқызы «Қарасай аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына 2024 жылдың шілде айының 09 жұлдызынан бастап аудан әкімінің №43 жеке құрам өкімімен тағайындалды.
Беркімбаева Жазира Бейбітқызы 1992 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Тұрар ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетін физика мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің мамтематика пәнінің мұғалімі болып бастап, 2014-2014 жылдары аралығында Жаңашамалған ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы ретінде қызмет еткен.
2014-2016 жылдары Алматы облысының Жастар саясаты орталығының Қарасай ауданының жастары кеңесшісі, 2016 жылы «AMANAT» (бұрынғы «Нұр Отан») партиясы Қарасай аудандық филиалының кеңесшісі болған.
2017-2018 жылдары Шамалған ауылдық округінің компьютерлік бағдарламалар және көшірмелерді көбейту операторы, 2018-2019 жылдары дене шынықтыру әдіскері қызметін атқарған.
2019-2020 жылдары Әйтей ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болған.
2020-2022 жылдары Қарасай ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 2022-2024 жылдары Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет еткен.
2024 жылы Қарасай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы болған.