Жетісу өңірінің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы талқыланды

Жетісу өңірінің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы талқыланды

Облыстық мәслихаттың VII шақырылымының алғашқы сессиясында өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілген болатын. Енді оның жүзеге асырылуын талқылап, жан-жақты түсіндіру мақсатында арнайы жұмыс тобы әр ауданда жиын өткізуде. Бүгін олар Қарасай аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихат депуттарымен жүздесіп, күн тәртібі бойынша жоғарыда аталған бағдарламаны талқылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Санитарлық талапқа сай өткізілген жиынға аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев төрағалық етсе, отырысқа Алматы облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ерлан Құрманбаев, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, аудандық мәслихат хатшысы Бауыржан Айнабеков және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары қатысты.

Басқосу барысында алдымен Жетісу өңірінің Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бағытында әзірленген «Жол картасы» жайлы айтылды. Оның басты басымдықтарын Гүлнар Қожағұлқызы түсіндіріп, партияның құрамы  жастармен және әйелдер қауымымен жаңартылғанына ерекше тоқталды.

Осыдан кейін Алматы облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ерлан Құрманбаев сөз алып, барлық халық қалаулыларын құттықтап, Қарасай ауданының атынан облыстық мәслихат депутаты атанған Бекет Әбішев, Жанна Жазықбаева және Жалғасхан Донбаевқа депутаттық мандаттарын тапсырды.

Ал, Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы Арайлым Алимбекова өткен бес жылдық бағдарламаның орындалуына қысқаша тоқталып, 2021-2025 жылдарға арналған өңірдің даму бағдарламасының жобасына кеңінен тоқталды. Онда әр сала бойынша атқарылатын жұмыстардың мақсаттары қамтылып, межелі-міндеттер толық таныстырылды. Мәселен, экономиканың тұрақты дамуын жыл сайын орта есеппен 4%-ке қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығында басымды дақылдар егістігінің көлемін ұлғайту, 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салу, халықты сапалы ауыз сумен қамту сияқты бірнеше бағыт бойынша істер атқару.

Дәл сол сияқты Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының салалардың шығындарын жоспарлау бөлімінің бас маманы Ернар Нұршатов та аталған бағдарламаға қатысты маңызды ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, бұл жиын барысында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Тойлыбаева Қарасай ауданық мәслихаты жанындағы тұрақты комиссияларының төрағаларымен және барлық қарасайлық депутаттар қауымымен жеке-жеке танысты. Сөз соңында Гүлнар Қожағұлқызы алдағы уақытта сайлаушылардың сенімінен шығып, барлығын халықтың игілігі үшін жетістікке жету жолында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях