Жергілікті әкімдік қарасайлықтарды көмірмен ертерек қамдануға шақыруда

Жергілікті әкімдік қарасайлықтарды көмірмен ертерек қамдануға шақыруда

«Қыстың қамын жазда ойла» демекші, Қарасай ауданының әкімдігі тұрғындарды қысқы көмірді қазірден сатып алуға шақыруда, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан 13 көмір тұйығында 17 778 тоннадан астам көмір бар. Оған қоса өзге өңірлерден 3217 тонна көмір әкелінеді. Бағасы 16 500 теңгемен 18 500 теңге аралығында.

Ауданда қазір уақытта көмір жеткілікті болғанымен күн суыған кезде оның тапшылығы пайда болуы мүмкін. Оның үстіне қыс жақындаған сайын қара отынның бағасының өсуіне әсер етеді. Осы ретте аудан әкімдігі қарасайлықтарды күн суыған кездері дүрлікпеу үшін көмірмен қазірден бастап қамдануға шақырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях