Жастарды жетістікке жетелейтін – «Zhasproject»

Жастарды жетістікке жетелейтін – «Zhasproject»

«Zhasproject» жобасының спикері колледж студенттерімен кездесіп, жобаның жақсы жақтарын жеткізді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Кәсіптік кеңістікте өзінің ұтымды да қоғамға пайдасы мол бастамасын жаңғыртып, жетістікке жетуді көздейтін жастар «ZhasProject» гранттық байқауы арқылы бақтарын сынай алады.

Жастар корпусын дамыту жобасы соңғы үш жыл ішінде тың идеясы арқылы танылғандарға жақсы мүмкіндік сыйлады десек болады. Осыған дейін хабардар еткеніміздей, ағымдағы жылдың 1 ақпаны мен 1 наурыз аралығында гранттық байқау өткізіледі. Оған мектеп оқушыларын қоспағанда, 14-29 жас аралықтағы ұтымды әлеуметтік жобалары бар қыз-жігіттердің барлығы қатыса алады. Байқау барысында жұмыс істемейтін, оқымайтын немесе табысы төмен жастарға басымдық көбірек беріліп, мүмкіндіктері қарастырылады.

Аталған жобаны жан-жақты насихаттау жұмысы Алматы облысының әр өңірінде жақсы жүзеге асып, жалғасып келеді. Кеше осындай түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен біздің ауданға «Zhasproject» жобасының спикері және амбассадор Индира Сангулова келіп, «Аяжан» мен С.Жандосов колледждерінің студенттерімен арнайы кездесті. Жиын барысында жастар тарапынан спикерге түрлі сұрақтар қойылып, кәсіп айналасында жақсы әңгіме өрбіді. Жобаның жан-жақты жандануына үлесін қосып жүрген  Индира Беркінбайқызы оның артықшылықтарына да кеңінен тоқталып, тиімді тұстарын да түсіндірді.

«Zhasproject» жобасының спикері Индира Сангулова келесі апта да ауданымыздың басқа да оқу орындарындағы білімгерлермен және бірқатар мекемелердегі жас мамандармен кездесуін жалғастырып, жобаның ұтымды жақтарын айтатын болады.

«Zhasproject» жастар корпусын дамыту жобасы туралы толық ақпаратты төмендегі нөмірлер арқылы білуге болады: +7-747-102-4738 Индира, +774

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях