Жастар кеңесі барысында

Жастар кеңесі барысында

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың төрағалығымен әкімшіліктің мәжіліс залында ауданымыздағы жастар істері жөніндегі Кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жиынға кеңес мүшелері, бөлім басшылары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Оның барысында жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша есептері тыңдалып, екі бірдей мәселе қаралды. Атап айтқанда, аудандық  Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айжан Балажанова 2019 жылдың ІІ жарты жылдығындағы аудандық жастар саясаты бойынша жасалған іс-шаралар қорытындысы мен алдағы уақытта атқарылатын істер жайында баяндады. Мұнан бөлек жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарынан аудандық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция инспекторы Жұлдыз Бисембаева ақпарат берді.

Жалпы кеңесте жастар тарапынан қордаланған мәселелер мен олардың көкейлерінде жүрген сауалдар  талқыға түсті. Ауданымыздағы жастар саясатын жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін нығайтуға қатысты кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салып жатты.  Ал, жастардың жаңа жылдық жоспарларына қатысты  Жандарбек Ермекұлы бірнеше   ұсынысын айтып,  алдағы уақытта қазіргіден де жақсы нәтиже көрсетулеріне сәттілік тіледі.  Сонымен қатар, аудан басшысы жиында талқыланған мәселелер мен айтылған ұсыныстардың барлығын тыңдай келе, тиісті бөлім басшыларына біқатар тапсырмалар бірге жастарды қолдауға шақырды.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях