Жас дарындыларды қолдауға арналған жаңа жоба

Жас дарындыларды қолдауға арналған жаңа жоба

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жақында елімізде Тұңғыш Президент – Елбасының қолдауымен дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында жасалған «El YMITI» атты жаңа бастама іске қосылатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өткен жаһандық инновациялық саммитке қатысқан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Әсет Исекешев Елбасының бастамасымен талантты жастарды және дамуында ерекшелігі бар балаларды қолдауға бағытталған «EL YMITI» атты жаңа бастаманың жүзеге асырылатының айтып өтті.

Аталмыш бастамасының мақсаты – еліміздің дарынды балалары мен жастарын, соның ішінде шетелде тұратын жастарды іздеп-тауып, оларға қолдау көрсету. Әсет Исекешевтың айтуынша «EL YMITI» бастамасы аясында Тұңғыш Президент қоры Үкіметпен, облыс әкімдіктерімен, қоғамдық бірлестіктерімен, білім беру жеке ұйымдарымен, бизнес қауымдастығымен және қызығушылық білдірген тараптармен бірлесіп жұмыс атқаратын болады. Жоғарыда аталып өткен серіктестермен бірге әр аймақтардағы дарындарды анықтау және қолдау орталықтарын құру, жастар үшін көшбасшылық және тұлғалық өсу бағдарламасын жасау және жүзеге асыру, Олимпиада жеңімпаздары мен олардың жетекшілерін қолдау бағдарламасы, таланттар мен көшбасшыларды қосатын біріккен қауымдастық құру үшін қолдау бағдарламалары сияқты жобаларды іске асыру жоспарлануда. Сондай-ақ, «IQanat» қорымен бірге ауыл балаларына арналған «Мың бала» зияткерлік даму бағдарламасын жүзеге асырылатын болады. Мұнан бөлек «EL YMITI» бастамасының аясында әдістемелер, тағылымдамалар бағдарламалары мен гранттар әзірленетін болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях