ЖАРЫҚ ТАРАТУШЫЛАРДЫҢ ЖАРЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ (Видео)

ЖАРЫҚ ТАРАТУШЫЛАРДЫҢ ЖАРЫСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ (Видео)

Барлық өнеркәсіп орталарына, ауылшаруашылығына, тіпті, күнделікті өмірімізге электр энергиясы аса қажет екенін айтпасақта белгілі. Алайда, оның жақсы жақтарын жіпке тізіп айта бермес бұрын оның қауіптілігін де ескерген жөн. Осылардың маңыздылығын түсіндіру мақсатында осы уақытқа дейін көпшілікке тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан «Алатау Жарық компаниясы» АҚ жыл сайын дәстүрлі түрде жарыс ұйымдастыруды қолға алған. Аталмыш тоқ қуатын таратын бірлестік өткен аптада тағы да 100-ден аса қызметкерлердің басын қосып, кезекті сайыс өткізді. Алматы облысына қарасты 17 бригадалық құрама командалар қатысып жатқан іс-шара бұл жолы Қаскелең қаласында орналасқан аудандық электр желісіндегі оқу жаттығу алаңында ұйымдастырылды. Басты мақсаты осы салада аянбай тер төгіп жүрген азаматтардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, біліктіліктерін одан әрі арттыру болып табылады. Ал, бұл жолғы жарыс бағдарламасы жедел жөндеу қызметкерлер құрамының кәсіби бақталасуы және 6-10/0,4 кв электр қуатын жеткізу желілері аясында өткізілді. Турнирдің ашылу салтанатында алдымен «Алатау жарық компаниясы» АҚ-ның басшысы Мұхит Әбікенұлы сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға күш-қуат және жарысқа сәттілік тіледі. Басқарма басшысының осындай ізгі тілегінен кейін аудан әкімі Жандарбек Далабаев Алматы қаласы мен облыс аумағын жарық көзімен қамтамасыз етіп отырған компанияға алғысын жеткізіп,  ықыласын  да білдірді.

Әр өңірден келген командалардың кәсіби шеберліктері 5 деңгей арқылы сыналып, осы саладағы жинаған тәжірибелері мен білімдері жан-жақты сарапталды. 3 күнге созылған жарыстың нәтижесі бойынша Қарасай аудандық электр торабының атынан шыққан команда алтыннан алқа тақса, Алматылық Наурызбай ауданының үшінші электр торап аумағы күміс жүлдеге ие болды. Ал, қола жүлде Талғар ауданынан келген команданың қанжығасына бұйырды. Өз кезегінде аталмыш компанияның басшысы Мұхит Әбікен ұлы шараның маңыздылығын айтып, жарыс жеңімпаздарын құттықтады.

Ал, жеңіс тұғырынан көрінген қарасайлық командалар сайыстың жоғары деңгейде өткенін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын да жеткізіп жатты.

Ауданның түкпір-түкпірінен келген командалар жарыс нәтижесі бойынша осылай олжалы болып жатса, «Үздік төреші», «Үздік электромантер» «Үздік шебер», «ең жас және ардегер қатысушы» дәрежелеріне ие болған мамандар бағалы сыйлықтарға қол жеткізді. Сонымен қатар, турнир уақытынан бөлек спорттық және ұлттық ойындар бойынша бақ сынасқан командалардың бірқатар азаматтары жеңімпаз ретінде марапатталып, сый-құрметке ие болды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях