«Жар-жардағы» мереке

 «Жар-жардағы» мереке

Sorry, this entry is only available in Русский.

Халқымыз күн мен түннің теңесіп, табиғаттың оянар шағын жыл басы деп танып, оны қарсы алуды жақсы дәстүрге айналдырған ғой. Сондықтан Наурыз мерекесі бірнеше күн тойланатын болған.

Міне, осы игі дәстүрді жалғастырған Қаскелең қаласындағы «Жар-жар» салтанат неке сарайының ұжымы Наурыз айының соңғы күндерінің бірінде ағайынға сауын айтып, тамаша-думанды бастап жіберді. Олардың  бұл шараға аса тыңғылықты дайындалғаны салтанат сарайының қасбеті мен алдындағы алаңды мерекеге сай етіп безендіруінен де аңғарылады.  Мұнда ақшаңқан қазақ үйі төрден орын алса, келушілердің наурыз көжеден дәм татып, ауқаттанып алуы үшін шатыр астына арнай мол дастархан жайылыпты. Ал аудандағы «Үшқоңыр» этно-фольклорлық ансамблі мен эстрада жұлдыздары Серікбол Сайлаубек, Қанат Үмбетовтың, «Мелмен»тобының қатысуымен әзірленген тамаша концерт осы мерекенің мерейін арттыра түскендей.

–  «Жар-жар» салтанат неке сарайы елімізге танымал меценат, өнердің қомқоршысы Болат Назарбаевтың қолдауымен салынғанынан жұртшылық жақсы хабардар, – дейді мекеме директоры Ұлтай Амангелдіқызы. – Біз жекеменшік құрылым болғанымызбен ауданда бұдан басқа неке сарайы болмауынан жұптасқан жастардың некесін қию рәсімін атқарып келеміз.  Бүгінгі дастарханның негізгі демеушісі де сол Болат Әбішұлы ағамыз екенін айта кеткен орынды.

Неке сарайы жастардың құрметіне салынғаны белгілі. Ал сол жастарды ұлтымыздың салт-дәстүрлеріне баулу бізің тікелей міндетіміз болып табылады. Сондықтан бүгінгі тойымызға жас ұрпақ өкілдерін де молынан қатыстырып отырмыз. Осының бәрі мемлекетіміздің іргетасы берік, босағасы биік болсын деген тілектен туындап отыр.

Таңертеңнен салтанат сарайының ауласынан әуелеген әсем әнге арнайы шақырылған қонақтар мен осы маңдағы тұрғындар да жинала бастаған.  Олар наурыз дәмінен ауыз тиіп, өнерпаздардың коцертін тамашалап, шат-шадыман күйге бөленген. Ал, мерекеге келген аудан ақсақалдары  ата дәстүріміз бойынша жұртшылыққа ақ батасын беріп, еліміздің мәңгілік мемлекет атануы үшін еңбек етуге бағытталған ұлағатты әңгімелерін арнады. «Жар-жарда» өткен Наурыз мейрамына 200-ден аса меймандар қатысып, Ұлыстың ұлы күніне ізгі тілектерін айтып тарқасты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях