Жамбыл ауылындағы  қоғамдық қабылдау

Жамбыл ауылындағы  қоғамдық қабылдау

«Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Қабылдауға аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ербол Нағашыбаев пен Жамбыл ауылдық округ әкімі Тұрарбек Ташов қатысты. Ауыл тұрғындары  жарық бағандарын орнату,  көшелерге тас жол төсеу мәселерін көтеріп, жас отбасыларға мемлекеттен тұрғын үй алудағы жеңілдіктер жайлы сауалдарын жолдады.  Өз кезегінде Қаныбек Құлжабайұлы тұрғындарының өтініштерін ескеріп, мүмкіндігінше шешімі табылатындарын да атап айтты.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях