Жаңа жыл қарсаңында Жармұхамбетте – жаңа мектеп (Видео)

Жаңа жыл қарсаңында Жармұхамбетте – жаңа мектеп (Видео)

Жаңа жылдың қарсаңында Қарасай ауданы жақсы жаңалықтарға толы болуда. Бүгін Жармұхамбет ауылында 600 оқушыға арналған жаңа мектеп ел игілігіне берілді. Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов арнайы қатысып, ұстаздар қауымын, ата-аналар мен оқушыларды қуанышты сәттерімен құттықтады, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Игі шарада аудан әкімі Жасұлан Тоққожаұлы сөз сөйлеп, ауыл халқына Жаңа жылдық ізгі тілегін білдірді. Сондай-ақ аудан басшысы аталған білім ошағында озық ойлы, үздік оқитын оқушылар болатынына сенім білдіріп, мектеп ұжымына сәттілік тіледі. Ғимараттың ашылу салтанатында оның бой көтеруіне жауапты болған «SP NEFT» ЖШС-нің директоры Нұрлан Қыдырбеков аталған мектеп директорының міндетін атқарушы Мөлдір Есбатыроваға ресми түрде ғимараттың символикалық кілтін табыстады. Сонымен қатар, ауыл ақсақалы Ыбырай атамыз ақ батасын беріп, аудан әкімімен ғимараттың қызыл лентасын қиды. Одан кейін аудан басшысы Жасұлан Естенов үш бөліктен тұратын жаңа мектептің ішін аралап, сапасына мән берді. Айта кетейік, бұл білім шаңырағы Жармұхамбет ауылындағы №2 орта мектебі деп аталады. Оның салынуына тапсырыс беруші – Алматы облысының құрылыс басқармасы. Мердігер мекеме өкілінің айтуынша, нысанды салу кезінде сапаға ерекше назар аударылды. Ғимараттың кіреберісіндегі баспалдақтар фарфордан емес, гранитпен қапталған, ал спортзалға сапалы жабдықтарға алынған. Мектептің аумағы абаттандырылған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях