Жаңа оқу жылындағы өзгерістер

Жаңа оқу жылындағы өзгерістер

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Биылғы жаңа оқу жылында бірқатар өзгерістер бар. Атап айтқанда, 4, 9, 10 сыныптар жаңартылған білім бағдарламасымен оқытылады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық», «Графика және дизайн» сынды жаңа пәндер енгізілді.   Сондай-ақ, пилоттық режімде «Қазақстан тарихы» қазақ тілінде, ал «Дүниежүзі тарихы» орыс тілінде оқытылатын болады.

Бұл өзгерістерге Алматы облысы толықтай дайын.  Өңірдегі мектептерге электронды жазбаларды енгізу жүйесі автоматтандырылған. Бұл жүйеге мектеп жөнінде және  бірінші сыныпқа балаларды қабылдауға арналған функциялар енгізілген. Болжам бойынша 49 мыңға жуық бала 1-сыныпқа қабылданады. Бүгінде оның 35 мыңы өтініш беріп үлгерген.

Биыл облыстағы жалпы және арнайы мектептерді оқулықтармен қамтамасыз етуге 4,2 млрд. бөлінді. Оның ішінде 3,3 млрд. теңгеге  4, 9 және 10 сыныптарға жаңа енгізілген оқулықтарын сатып алынса, ал, 857 млн. теңге 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 11 сыныптарыдың кітап қорын жаңартуға жұмсалады Ағымдағы жылы өңірде  14 мектеп, төрт жатақхана, бір мектеп инернат барлығы 19 білім беру нысанының құрылысы басталған еді. Оның  сегіз мектебі  биыл қолданысқа берілсе, қалған алтауының құрылысы   2020 жылы аяқталады.

 

  

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях