Жұмыспен қамту мен еңбек қауіпсіздігі – министрліктің назарында

Жұмыспен қамту мен еңбек қауіпсіздігі – министрліктің назарында

Қарасай ауданына арнайы іссапармен бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова келді, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басшысы.
Ведомство басшысы алдымен Шамалған ауылында орналасқан Қарасай ауданы бойынша мансап орталығының бүгінгі жай-күйіне назар аударды. Мекеменің қызметі мен ауданда азаматтарды жұмыспен қамту бойынша атқаралып жатқан жұмыстардың жай-жапсарын Алматы облыстық еңбек мобильдігі орталығының басшысы Абылай Зуайда таныстырды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызы мансап орталығының жұмысын оң бағалаумен қатар, жетілдіру жағына тоқталды. Айтуынша, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс» және «Алғашқы жұмыс орны» сияқты жобалар нәтижелі болу керек. Яғни, олар 100% жұмысқа орналасуы тиіс. Сондай-ақ министр ауданда салынып жатқан кәсіпорындармен ортақ келісімге келіп, инвесторлармен жиі байланыс орнатып, жаңа жұмыс орнын айқындау керек екенін айтты. Осылайша жаңа жұмыс орындарын тауып, аудан азаматтарының жұмыссыздық жағдайын біржақты шешуді міндеттеді.
Жоғарыда аталған дәл мәселе бойынша аудан басшысы Жасұлан Естенов жұмыс жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Мәселен, «Алтын Таға» темірбетон бұйымдарын өндіру зауыты, Оңтүстік Кореяның ірі «KT&G» компаниясы, «Фокус» логистикалық кешені арқылы 1500-ға дейін жұмыс орнын орнын ашу көзделуде.


Министр сондай-ақ бұл жұмыс сапары барысында болашақ мамандық иелерін дайындауға да көңіл бөлді. Осы ретте Шамалған ауылындағы Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжіне барып, оқу орнының қызметімен танысты. Светлана Жақыпова колледждегі бірқатар шеберханаларды аралаған соң, кадр дайындау жүйесі жолға қойылып, ең бастысы студенттер мамандық иесі атанғаннан кейін жұмыссыздыққа тап болмау керектігін түсіндірді.
Аудан халқын жұмыспен қамтуды көздеп, экономиканың артуына едәуір септігін тигізіп келе жатқан кәсіпорындардың бірі – «Алатау Прогресс КЗ» ЖШС. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақупова бұл мекеменің қызметіне қызығушылық танытты.
Бүгінде бұл орталық «Altamir» деген брендпен жиһаз дайындаумен айналысады. Қазіргі уақытта негізгі міндеті – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектеп жиһаздарын, кеңсе заттарын дайындау. Бұл жайында кәсіпорынның бас директоры Берік Жиенбаев министр Светлана Қабыкенқызына түсіндіріп, алдағы жоспарымен бөлісті.
Министр Светлана Қабыкенқызының жұмыс сапары SDU университетінде жалғасты. Мұнда құрметті қонақты ЖОО-ның ректоры Әлімжан Игенбаев қарсы алып, оқу ордасының тарихы мен бүгінгі қызметі жайында ақпаратпен бөлісті. Университеттің жай-күйімен танысқаннан кейін Светлана Жақыпқызы аталған оқу ордасының спорт пен мәдениет ошағына айналған жаңа корпуста еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасы Төлеген Оспанқұлов, мемлекеттік еңбек инспекторлары, кәсіпорын басшылары және еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандар қатысты.
Бұл жиынның модераторы ретінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев алғаш сөз алып, басқосудың негізгі мақсаты еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы және өндірістік жарақаттануды төмендету шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар екенін айтты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях