Өзгерісті өзіңнен баста

Өзгерісті өзіңнен баста

Sorry, this entry is only available in Русский.

Мемлекеттік қызметкерлердің міндеті тұрғындарға қалтқысыз қызмет етумен өлшенеді десек артық болмас. Олардың атқарып жатқан істері көзге көрінбеуі мүмкін, алайда, әрбір азаматтың мемлекетке қатысты жұмысы бұл мамандармен тікелей байланысты.

Елбасымыздың жақында жариялаған Жолдауында мемлекеттік қызметтерге қатысты бірнеше бағыттар ерекше аталып өтілді. Соның ішінде келешекте бұл саланың форматы электронды түрге көшірілуі айқын айтылды. Нақты айтқанда, келер жылы 80 пайызға, 2020 жылы 90 пайызға өзгеру тиіс. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда бірінші басшылықтың жауапкершілігі қатаң қаралатындығы да басты назарға алынды. Осындай міндеттер мен бірқатар тапсырманың түсіндірме жұмысы бүгін Алматы облысы, Қарасай ауданында да талқыланды. Оның басы-қасында жүрген сол ауданның басшысы Жандарбек Далабаев барлық мемлекеттік қызметкерлермен алқалы отырыс ұйымдастырды. Құрметті қонақ ретінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев қатысты. Бұл отырыста мемлекет қызметкерлерінің деңгейі мен меритократияның принциптерінің айқын басымдықтары кеңінен айтылды. Оның ішінде мемлекеттік қызметке өту конкурсы, біліктілігі мен тәжірибелері сияқты бірқатар қабілеттер де аталып өтті. Департамент басшысы Серікбай Өрікбайұлы өз сөзінде осы салаға жалпылай тоқтап, алда атқарылатын жұмыстың жоспарларымен бөлісті.

– Мемлекеттік қызметкерлер келер жылдан бастап арнайы іріктеу арқылы конкурсқа түсетін болады. Бұл үрдіс жылына екі рет қайталанып, сынаққа түсетін мамандардың барлық қабілеттері тексеріледі. Яғни, олардың біліктілігі, тәжірибесі, жұмысқа деген құлшынысы, тіпті, медициналық тексеруден өту жағы да қарастырылатын болады, – дейді департамент басшысы.

Бұл айтылғандардан бөлек, мемлекет қызметкерлері үшін «баллдық шкала жүйесінің» жұмысы да айтылды. Оның қызметі мамандардың бүкіл атқарған жұмыстары арнайы компьютердің қадағалануымен бақыланатын болады. Нақты айтқанда, сіздің әрбір басқан қадамыңыз, әр тұрғынмен қандай қарым-қатынаста болып, кіммен қандай құжат алмасуыңыздың бәрі-бәрі жүйелі түрде мұрағатта сақталады. Ал жұмыс уақыты әдеттегідей, 9:00-де басталып, 18:00-де аяқталуы тиіс. Осы тәртіп үшін жұмыс орнындағы компьютерлер жаппай өшірелетіні де ескертілді.

Серік Нұрғисаев сөз барысында сыбайлас жемқорлықты да алға тартты. Мәселен, алдағы уақытта мемлекет қызметкер пара алу немесе басқа да алаяқтық істермен кінәлі деп танылса, бірден өзі де, басшылықтары да жазаға тартылатынын ескертті.

– Мемлекеттік қызметтердің жұмыс сапасын арттыру мақсатында алдағы жылдан бастап осы саланың қызмет өкілдерінің жалақы табысы өседі. Соған байланысты келер жылы бюджеттен 7,5 млрд қаржы бөлініп, орташа есеппен әр маманның табысы 200 мыңға дейін жетеді, одан бөлек қосымша сыйақы мөлшерлемесі де қарастырылған. Жалпы, мемлекет қызметкер –  елдің тұтастай тыныштығы үшін алаңдайтын жандар деп білемін. Сондықтан әрқайсыларыңызға өзгерісті өзіңнен баста деп айтқым келеді, – деп өз сөзін қорытындылады департамент басшысы.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях