Зейнетақы мен жәрдемақыға байланысты көрсетілетін қызметтер цифрлы форматқа ауыстырылуы мүмкін

Зейнетақы мен жәрдемақыға байланысты көрсетілетін қызметтер цифрлы форматқа ауыстырылуы мүмкін

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Зейнетақылар мен жәрдемақыны цифрлы форматқа ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Депутат Майра Айсинаның айтуынша, бүгінгі таңда ата-аналар пилоттық режимде баланы туған кезде белсенді қызметтерді (проактивные услуги) пайдалануда.

Ата-аналар туу туралы куәлікті алу керек болғандықтан, балабақшаға кезекке қоюға, сондай-ақ, бала күтіміне жәрдемақы алады, баланы тіркеу сияқты 5 қызметті алу үшін ата-аналар кемінде екі апта жүгіреді. Олар әртүрлі билік орындарының табалдырығын тоздырып, көптеген құжаттар жинауға мәжбүр болды. Енді белсенді қызметтер(проактивные услуги) арқылы кез келген жерге барудың қажеті жоқ. Олар осы 5 қызметті қарапайым sms арқылы үйде болғанда ала алады, дейді ол. Сондай-ақ, оның айтуынша, қазіргі кезде 104 мың нәрестенің ата-анасы осы қызметтерді пайдалануда.

Пилоттық режимде, заң жобасына сәйкес 27 қызметтің 17-сі белсенді қызметпен(проактивные услуги) қамтылады. Осы заң жобасында, соның ішінде зейнетақы, жәрдемақы тағайындау, балаларды мектепке тіркеу, тамақтану және әлеуметтік салада бірқатар қызметтерді енгізу жоспарланып отыр. Оның басты мақсаты – азаматтардың жағдайын жақсарту, уақытты үнемдеу және өмір сапасын жақсарту.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Парламент депутаттарының қолдауымен мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесін одан әрі оңтайландыруға бағытталған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях