Қытайдан келген жолаушылар тексерілуде  

Қытайдан келген жолаушылар тексерілуде   

Қытайда тіркелген коронавирус инфекциясына байланысты Қазақстанның шекаралық және кедендік қызметі бақылауды күшейтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымы  Хабар 24 сайтына сілтеме жасап.

Бас санитар дәрігердің тапсырмасымен жолаушыларға арнайы жадынамалар таратылып, аурудың алдын алу шаралары жүргізілуде. Әлемде бұрын-соңды болмаған бұл дерттің белгілері қандай? «А» типті пневмония ауруы Қытайдың Ухань қаласында өткен жылдың соңында тіркелген. Ал, біздің елдегі қоғамдық денсаулық сақтау қызметкерлерінің сөзінше, бұрын-соңды болмаған вирустың белгілері қарапайым тұмауға ұқсайды.

– Коронавирус инвекциясы бұрын адамдарда тіркелмеген. Бұл вирустың  клиникалық көрінісі жалпы респираторлық синдром ауруларымен бірдей. Жеңіл ғана түшкіру жөтелуден басталады. Әрмен қарай дене қызуының көтерілуі, ауыр демалу, пневмония өте ауыр жағдайларда өлімге әкеледі, – дейді ҚР ҚДСО жұқпалы аурулардың алдын алу департаментінің директоры Жұмабек Бекенов.

Мамандар Қытайдағы инфекциялық ауру жануарлар арқылы немесе теңіз өнімдерінен таралды деген пікірде. Соңғы деректерге сай аурудың адамнан адамға жұғу фактілері тіркелмеген Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан шекарада Қытайдан келген жолаушылар жіті тексеруден өтеді. Әуежайдың санитарлық-карантиндік бақылау қызметі халықаралық рейспен келген әр жолаушыны тепловизор арқылы тексереді. Бұл құрылғы адамның дене қызуын анықтайды. Егер жолаушының қызуы жоғары болса, ол бірден оқшауландырылып медициналық тексеруден өтеді. Жалпы жыл басынан бері Қытайдан Қазақстанға 10 мыңға жуық жолаушы келген.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях