Тілдің жайы сөз болды

Тілдің жайы сөз болды

Бүгін аудандық орталық Мәдениет үйінде орналасқан «Тіл» оқу-әдістемелік орталығында «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері» атты облыстық көшпелі семинар өтті. Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған жиында тілді білудің ел тұтастығы мен бірлігі үшін маңызы туралы және де мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мәселесі жайлы айтылды, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Облыстық оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев жүргізген семинарға Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Текелі сияқты аудандар мен қалаларда орналасқан орталықтардың меңгерушілері мен мамандары және бірқатар жоғарғы оқу орындарынан арнайы шақыртылған оқытушылар қатысты.

Жиын барысында филология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің оқытушысы Орынай Жұбаева мен филология ғылымдарының кандидаты, Сулейман Демирель атындағы жоғарғы оқу орнының аға оқытушысы Бота Хасен өздерінің дайындаған баяндамаларын оқып, қазіргі таңда тіл ережелерін оқыту кезінде жіберілетін қателіктерге кеңінен тоқталды. Және мемлекеттік тілде іс жүргізудің қалай жүзеге асып жатқандығына, қазақ тілінде сөйлеген кезде адамдардың қандай қателіктер жіберетіндігі жайлы кеңінен айтып өтті. Өткір мәселені көтерген баяндаушылар еліміздегі қазақ тілінің бірқатар ережелерін сынға алып, оның мәртебесін арттыру мәселесі бойынша өз ойларымен бөлісті.

Мемлекеттік тілдің мерейін қайтсек үстем етеміз деген жанашырлар жиналған алқалы жиында талай мәселе көтерілді. Сондай-ақ, оның барысында оны қолдану аясын кеңейту үшін қандай шаралар атқару қажеттігі жөнінде кеңінен талқыланылды. Оқыту мәселесін жетілдіру мақсатында өткен семинар «Тіл парасат» атты мемлекеттік тіл білгірлері байқауымен жалғасты.

Өзге этнос өкілдері бола тұра бүгінде қазақ тілін жетік меңгеріп, әр аудандармен қалалардағы орталықтарда сабақ беріп жүрген жас оқытушылар арасында ұйымдастырылған байқау төрт кезеңнен тұрды. Оның барысында сайыскерлер өзің дұрыс таныстыра білу, грамматика ережелерін дұрыс білетіндігі жағынан, биыл мерейтойы аталып жатқан Жамбыл атамыздың өмірі мен шығармашылығы жайлы қаншалықты жақсы білетіндігі туралы өзара жарысып, өздерін үкілеп жіберген өңірлерінің ғана емес, тілдің мәртебесін биіктетуге тырысып бақты.

Мағынасы зор танымдық байқаудың нәтижесінде, қатысушылардың барлығын Жеңіс Хамитұлы Алғыс хаттармен марапаттап, қаржылай сыйлықтар табыстады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях