Тегін бетперде таратты

Тегін бетперде таратты

Бүгін пробация қызметінде есебінде тұрғандар аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп бетперде таратуға ат салысты, деп хабарлайды    karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

Індеттің таралуы әлі де саябырсымай тұр. Сондықтан әсіресе қоғамдық орындарда  бетпердемен жүру қажеттілігін көп адамдар естен шығарғандай. Осыны негізге алған аудандық пробация қызметінде есепте тұрған қоғамнан оқшауланбаған, жазаға тартылғандардан жасақталған еріктілер адамдар көп шоғырланатын жерлерде бетперделер мен Covid-19  індетінен сақтану шаралары жазылған нұсқаулық  парақшаларын таратты. Сонымен қатар,  санитарлық ережеге салғырт қарамауға шақырды. Әр адамға қоғамдық орындарда арақашықтықты сақтап, масканы тағу міндетті екенін ескертті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях