Тарихы терең мектептегі турнир

Тарихы терең мектептегі турнир

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Ауданымыздағы мектеп орындарының әрқайсысы өзіндік тарихы мен биік беделімен ерекше. Солардың ішінде бір ғасырлық ғұмыры бар, аудан бойынша ең алғаш салынған білім ордаларының бірі – Әбжан Байсалбаев атындағы орта мектеп. Биыл осы мекеме орнының құрылғанына 100 жыл толып отыр. Тұрар ауылының оқушыларын білім нәрімен сусындатып отырған қазақ мектебі 100 жылдық мерейтойын 100 іс-шара ұйымдастырумен атап өтіп жатыр. Сондай игілікті істің ішінде өткен аптаның сенбісінде өткізілген жасөспірімдер арасындағы еркін күрес турнирін де айтуға болады. Сайыстың ашылу салтанаты шақырылған құрметті қонақтарымен ерекшеленді. Атап айтқанда, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, аудандық ардагерлер алқасының төрағасы, әрі осы мектепте біраз жылдар бойы басшылық қызмет атқарған Сайлаубек Қыдыралиев және аудандық жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Валерий Хациев болды. Аталған құрметті қонақтар палуандарға сәттілік тілеп, жарыс алдында естелік суретке түсті.

Еркін күрес турниріне ауданға қарасты әр округтің мектептерінен көптеген оқушылар қатысып, боз кілемде бақтарын сынады. Олар әр салмақ дәрежесі бойынша сынға түсіп, жүлделі орындарға ие болды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях