Танымал боксшылар қарасай жастарымен кездесті

Танымал боксшылар қарасай жастарымен кездесті

Дүниежүзілік бокс ареналарында аттары шыққан Айдос Ербосынұлы мен Абылайхан Хұсайынов қарасайлық жастармен жүздесті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы. 

Ел мақтаныштарымен көзбе-көз көрісіп, олармен жүздесу арқылы ой бөлісу – қазіргі жастар үшін бос уақытты ұтымды пайдалану жолындағы жақсы мүмкіндік. Бүгін осы бағытта олардың патриоттық қасиеттерін арттырып, спортпен жүйелі түрде айналысуына ықпал ету мақсатында жас қарасайлықтар әлемдік ареналарда есімдері белгілі, Жетісу өңірінің тумалары Айдос Ербосынұлы мен Абылайхан Хұсайынов сынды боксшылармен кездесті.

Алматы облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен ашық сұхбат аясындағы жүздесу Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. Спорттық шараның барысы үш кезеңмен қамтылды. Алдымен қос боксшы жастармен әңгімелесіп, сұрақтарына жауап беріп, қызықты сәттерімен де бөлісті. Одан кейін әрқайсысы шаршы алаңда қолданатын шеберліктерін көрсетіп, болашақ чемпиондарға айла-тәсілдерін үйретті. Кездесудің соңында қарасайлық жастар құрметті спортшылардың қолтаңбасын алып, естелік суретке түсті.

Игі шараның басы-қасында жүрген, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің бөлім басшысы Талғат Наукеновтың айтуынша, мұндай келелі кездесудің басты мақсаты – жас буын өкілдерін Айдос, Абылайхан сынды ұлт мақтаныштарымен жақынырақ таныстырып, спортқа деген құлшыныстарын арттыру.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях