Талдықорғанда  «Аманат» азаматтық алаңының семинар- кеңесі өтті  

Талдықорғанда  «Аманат» азаматтық алаңының  семинар- кеңесі өтті   

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Алматы облысында 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Президентігіне сайлаудың әділ өтуі үшін қолға алынған жұмыстарымен таныстыру мақсатында, Журналистер үйінің мәжіліс залында  «Аманат» азаматтық алаңының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты өтті деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Алматы облысының «Аманат» Азаматтық платформасының жетекшісі Қайрат Тұрсынғалиұлы және  мүшелері Шыңғыс Лепсібаев,  Аким Тұрсынов  қатысты.

 Баспасөз мәслихатынан кейін аудан мен қалалардан келген мобильді капитандарға арналған семинар-тренинг өтті. Алдымен, Қайрат Тұрсынғалиұлы онлайн заңгерлік кеңес беру қызметін құру және алғаш рет дауыс беретін жас сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жайлы  баяндап берді. Сайлау бөлімшелеріне бекітілген бақылаушылардың құқықтары мен жүктелген міндеттері, олардың жұмысын қадағалауға басшылық жасау бойынша дәрістер өтіп, заңсыздықтар мен келеңсіздіктерге жол бермеудің алдын-алу шаралары да түсіндірілді. Семинар барысында платформа мүшелері өңірлерде бекітілген мобилдьді капитандардың жұмыс бағыттарын айтып, сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың бес негізгі бағытын жөнінде толық мағұлмат беріп, оларға  «Бақылаушы блокноты» таратты.

Кездесу соңында жиналғандар сайлау жөнінде сұрақтарына қойып, модератормен пікір алмасты.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях