Талдықорған қаласының әкімі 525 балаға қол ұшын созды

Талдықорған қаласының әкімі 525 балаға қол ұшын созды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында аз қамтылған және көп балалы отбасынынан шыққан 525 балаға киім-кешектер таралтылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Алматы облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорған қаласының әкімдігі мен «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қорының арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын. Бұл меморандумда аталған қоғамдық қордың көмегімен Талдықорған қаласының аумағындағы аз қамтылған, мүгедек, жетім және көп балалы отбасылардан шыққан 5000-ға жуық балаларға әлеуметтік көмек көрсетілетіні айтылған болатын. Осы ретте қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қалалық жұмыс пен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мекемесінде тіркеуде тұрған 112 отбасыға, соның ішіндегі 525 балаға күздік және қыстық қиімдер берді. Сондай-ақ, бұл таратылған киімдердің дене мөлшеріне әр балаға лайықтандырылып берілді.

Сонымен қатар, шара барысында шаһар басшысы бұл акция жуырда өз жалғасын табатындығын сондай-ақ, жылыту маусымында тұрмысы төмен көп балалы отбасылардың үйіне көмір тарату жоспарда бар екендігін айттып өтті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях