ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ҚОСЫМША ГРАНТТАР БӨЛІНЕДІ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ҚОСЫМША ГРАНТТАР БӨЛІНЕДІ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Биыл көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қосымша 5 мың грант бөлінеді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы Sputniknews.kz сайтында жария болды.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қосымша гранттардың қалай бөлінетінін айтып өтті. Министрдің мәлімдеуінше, осы жылы көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қосымша 5 мың грант берілетін болады. Гранттардың қаражаты трансфер арқылы жергілікті әкімдіктерге аударылады.

– Конкурсқа қатысу үшін талапкер ұлттық бірыңғай тестілеудің шекті балын жинауы қажет. Жалпы, осы грантқа ие болу үшін үміткерлер, ең алдымен, жылдағыдай негізгі 53785 грантқа 21-31 шілде аралығында республикалық конкурсқа қатысып, бағын сынайды. Ал сол жалпы конкурс бойынша грантқа ие болмаған көп балалы отбасыдан шыққан және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатындағы талапкерлер қосымша берілген жаңағы 5 мың грантты алу үшін тамыз айының 5-10 аралығында келесі конкурсқа қатысуға жергілікті атқарушы органдарға өтініш бере алады, – дейді жақында ғана тағайындалған білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов.

Министрдің сөзінше, қосымша гранттар ҰБТ-ның ұпай санына қарай тағайындалып, оның жеңімпаздар тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

– Бұл аталған грант иегерлеріне әдеттегідей 20949 теңге көлемінде шәкіртақы тағайындалады. Одан бөлек, студенттердің жылына екі рет демалысқа шығу уақытанда жол жүру өтемақысы да төленеді, – деп министр қосымша ақпаратты да жеткізді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях