ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚ БЕРІЛЕДІ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚ БЕРІЛЕДІ

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Ақпараттық парақ арқылы мектеп түлектері өз мамандығы бойынша қанша грант барын, қандай шекті балмен грантқа түсуге болатынын біле алады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында бірқатар министрліктер мәлімдеме жасап, алдағы атқарылар жұмыстар жайлы баян еткен болатын. Жақында ғана ҚР Білім және ғылым министрі болып тағайындалған Асхат Аймағамбетов Ұлттық бірыңғай тестілеу жайлы да кеңінен айтып өтті. Министрдің айтуынша, түлектердің қаңтар және наурыз айларында тапсырған сынақтары алдағы тестілеуге психологиялық дайындық ретінде қарауға болады. Сондай-ақ, жаңа министр қаңтардағы ҰБТ-ға 35 мыңға жуық, ал наурызда 80 мыңдай оқушы қатысқан айтып, осы екі сынақ нәтижесі бойынша жалпы мектеп бітірушілердің 78 пайызы қамтылғанын да қосымша айтып өтті. Ол нәтиженің қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің 70 пайызы қазірдің өзінде ақылы түрде оқуға түсе алады. Дегенменде, бұлардың ішінде грантқа түсем деушілер болса, маусым айындағы сынаққа қатысып, өз білім деңгейін тексере алады.

– Екіншіден, колледж түлектеріне де жеңілдіктер жасалды. Олар бітірген мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсем десе, ҰБТдан босатылып, тек емтихан тапсырады. Үшіншіден, «IELTS» халықаралық сертификаты бар түлектер «шет тілі» пәні бойынша тестілеуден босатылады. Оларға пән бойынша максималды балл (40 балл) автоматты түрде беріледі. ҰБТ-ға қатысушылардың арасында мұндай балалар саны – 708. Төртіншіден, әр бітірушіге ҰБТ сертификатымен бірге арнайы ақпараттық парақ беріледі. Онда мамандықтар тізімі, оған сәйкес бөлінген грант саны, сондай-ақ өткен жылғы грант конкурсының нәтижелері, яғни өту балы көрсетіледі. – дейді ҚР Білім және ғылым министрі.

Асхат Аймағамбетовтың сөзіне сүйенсек, осы жылы грант білім бағдарламаларының топтары бойынша және соған сәйкес өтініш те беріледі. Ал,талапкер грант жеңіп алғаннан кейін оқу орнын және сол топтың ішіндегі нақты бағдарламаны тандайды. Мысалы, «Ақпараттық технологиялар» тобының ішінде «Информатика», «Ақпараттық жүйелер», «Big data» және тағы басқа нақты білім беру бағдарламасын таңдай алады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях