Тәуелсіздіктің төл құрдасы Абылай Ысқақов

Тәуелсіздіктің төл құрдасы Абылай Ысқақов

Мемлекеттің саясатын іске асырып, осы салада қызметін адал атқарып келе жатқан білікті басшылардың қатарында ауданымызға қарасты Іргелі ауылдық округінің әкімі Абылай Ысқақов та бар.

Тәуелсіздіктің төл құрдасы Абылай Біржанұлы жастайынан ата-анасының берген жақсы тәрбиесін бойына сіңіріп, адал азамат болып, адамдарға қол үшін беруді үйренген.

Бүгінде ол Іргелі ауылдық округінде әкім ретінде өз міндетін атқаруда. «Жас болса іске» демекші, өз міндетін абыроймен атқарып, халыққа қызмет етіп келе жатқан Абылай еңбек жолын студент кезінде бастаған. Жоғары оқу орнында білім алып жүріп,  Жандосов ауылдық округінің әкімдігінде бас маман болған.

Әрине, 36 мың халқы бар округті басқару оңай емес. Алайда, жас та болса басшы болып отырған Абылай өзі басқарып отырған үш елді мекенінің қиыншылығы мен ауыртпашылығын бірдей көтеріп, мәселелерін оңтайлы шешілуіне барын салуда.

Жұмыстан тыс уақытта біздің кейіпкеріміз дене шынықтырумен қатар, кітап оқып, бокспен айналысуды жақсы көреді. Отбасының тұңғышы болғандықтан, артынан ерген інісіне үлгі болып, ата-анасының ақ үмітін ақтауда. Міне, біз айтқан мемлекеттік қызметші Абылай Ысқақов осындай азамат.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях