Түркияда локдаун қатаңдатылады  

Түркияда локдаун қатаңдатылады   

Түркия 7 мамырдан бастап коронавирус жағдайына байланысты локдаунды қатаңдатады. Бұл туралы елдің ішкі істер министрлігіндегілер мәлімдеді, – деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

«7 мамырдан бастап дүкендерде, соның ішінде желілік супермаркеттерде тек негізгі азық-түлік, гигиена құралдары, жануарларға арналған тамақ және косметикалық құралдар (парфюмерия мен макияжға арналған құралдардан басқа) сатуға рұқсат етіледі», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Елде алкоголь, электроника, ойыншықтар, канцелярия және киім сатуға тыйым салынады. Айта кетейік, қолданыстағы шектеулерге сәйкес, Түркия тұрғындары 29 сәуірден 17 мамырға дейін негізгі азық-түлік сатып алу және жедел медициналық көмек сияқты кейбір ерекшеліктерді қоспағанда, үйден шықпауы керек.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях