Тұрғындардың өтініш-тілектері ескеріліп, назарға алынды

Тұрғындардың өтініш-тілектері ескеріліп, назарға алынды

Бүгін аудан әкімі Жандарбек Далабаев онлайн форматта өзінің кезекті қабылдауын өткізіп, тұрғындардың тарапынан көтерілген бірқатар мәселелердің шешімін айтып, түрлі сұрақтарға жауап берді. Қашықтан өткен қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары мен бірқатар бөлім басшылары да қатысты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Қала және ауылдық округтердің әкімдіктері арқылы тікелей бейнебайланысқа шыққан қарасайлықтардың басым көпшілігі үй, жер және түрлі әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарын жолдады. Аудан басшысы әрбіріне мұқият көңіл бөліп, оңтайлы шешу жолын қарастырды.

Байланысқа шыққан алғашқылардың бірі – әйтейлік Сәрсенкүл Нағашыбекова ескі мектепті жекешелендіруге қатысты өтінішін білдірді. Мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім-жесірлер, көп балалалы отбасылар күнелтіп келе жатқан бұл ғимаратқа қатысты мәселе қанша жылдан бері шешімін таппай келе жатқан көрінеді. Осының барлығын ескерген аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы мұны біржақты шешуге атсалысатынын айтып, тиісті бөлім басшыларға тапсырма жүктеп, 6 ай ішінде оңды жауабы болатынын жеткізді.

Қашықтан өткен қабылдау барысында Райымбек, Ұмтыл ауылдық округтерінің және Қаскелең қаласының бірнеше тұрғындары баспанаға қатысты сұрақтарын қойды. Аудан әкімі Жандарбек Ермекұлы барлығына лайықты жауабын беріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінен түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында қалай үй алуға болатынын білу үшін аталмыш бөлімнен кеңес алуға шақырды.

Онлайн жүздесуде оңтайлы шешілген мәселелердің қатарында Тұрар ауылының тұрғыны Нагиза Байғожаеваның жер мәселесі болды. Дүкен ашып нәпақасын тауып отырған кәсіпкерге ең қажетті нәрсе – электр желісін орнатуға жердің заңдастырылуы. Аудан басшысы осы саланың мамандарына тиісті тапсырма жүктеп, жергілікті әкімдікпен бірлесе осы мәселені жақын уақытта шешуін тапсырды.

Ауылдастардың атынан байланысқа шыққан Мейрамбай Мәмбетов Елтай округіне қатысты бірнеше сұрақты талқыға салды. Нақты айтқанда, ауыз су, жарық, мектеп сияқты түрлі салаға қатысты мәселелер қозғалды. Аудан әкімі Жандарбек Далабаев әрбірін жеке-жеке талқылап, саралап, нақты жауабын берді. Ауыз су мен жарықтың жетіспеушілігі жауапты басшылар мен тұрғындардың арнайы кездесуі барысында бір жақты шешілетіні белгілі болды. Сонымен қатар, аудан басшысы биыл Елтай және Жармұхамбет ауылдарында 600 орындық мектеп салынатынын айтып, аталмыш округте білім саласы жақсы жағынан жанданатынын жеткізді.

Онлайн форматта осылайша түрлі сауалдар жан-жақты талқыланды. Кездесуге алдын ала жазылған қарасайлықтардың барлығына Жандарбек Ермекұлы тиісті жауабын жеткізіп, кейбір мәселелерді өзінің орынбасарлары мен жергілікті әкімдерге тікелей жүктеді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях