Тұрғын үй кешеннің түйіткілді мәселелері талқыланды

Тұрғын үй кешеннің түйіткілді мәселелері талқыланды

Биылғы саяси додаға түсетін бес партияның өкілдері еліміздің әр өңірінде партияның сайлауалды бағдарламасын жұртшылыққа таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді. Дәл осы мақсатта біздің ауданда нұроатындықтар да белсенді іске кірісуде. Бүгін аталмыш партияның атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер мен облыстық, аудандық мәслихатына кандидаттар «Асыл арман» ТК-нің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Санитарлық талапқа сай ашық алаңда өткізілген жиын барысында алдымен Мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде тіркелген Ержан Жасыбаев, Данияр Алимбаев, Жанна Тельпекбаева сынды өкілдер партияның бағыты айқын бағдарламаларын түсіндірді. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қаныбек Айтжанов бастаған өзге де облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.

Тұрғын үй кешен «Алматы – Бішкек» тас жолының бойында орналасқандықтан көбісі кептеліс мәселесін сөз етті. Асылармандықтар үшін жауыр болған бұл сұраққа осы салада тәжірибесі мол, Мәжіліс депутаттығына үміткер Е.Жасыбаев нақты жауап беріп, жұмыстың қарқынды жүріп жатқанын түсіндірді.

Дәл сол сияқты жергілікті тұрғындарды алаңдататын тағы бір мәселе – ол мектептің жоқтығы. Оған қатысты партия өкілі Ж.Тельпекбаева өз ойын білдіріп, 2021 жылы құрылысы басталатынын және ол республика бойынша ең алғашқы 2000 оқушыға арналған білім ұясы болатынын мәлімдеді. Бұл ақпаратты басқа да үміткерлер растап, көпшіліктің осы мәселеге қатысты өтініші үнемі назарда екенін айтты.

Жоғарыда айтылғандардан бөлек, аталмыш тұрғын үйге жақын орналасқан ауыл арасындағы жолдар мен интернетке қатысты сұрақтар да айтылды. Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, депутаттыққа үміткер Қаныбек Құлжабайұлы бұл сауал аудандық деңгейде шешілетінін айтып, осы бағытта жұмыстар атқарылып жатқандығын түсіндірді.

Болашақ халық қалаулылары осылайша асылармандықтардың арыз-шағымдарын ескеріп, оларды шешу жолында қолдау білдіретінін жеткізді.

«Nur Otan» партиясының сайлау қоры қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Айтжанов Қ.Қ.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях