Спорт мектебінің боксшылары жеңіске жетті

Спорт мектебінің боксшылары жеңіске жетті

«Үшқоңыр» спорт мектебінің шәкірттері басқа аудандардың жарыстарында да жасындай жарқылдап, жеңісті жолда жетістікке жетуде, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Жақында Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ ауылында бокстан КСРО-ның спорт шебері, жоғарғы ұлттық дәрежедегі төреші Жақыпов Серік Болатұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасындағы аталмыш ауданның ашық біріншілігі ұйымдастырылған болатын. Бұл додаға «Үшқоңыр» спорт кешешінің жас боксшылары бақ сынап, жалпыкомандалық есеп бойынша І орынға ие болды. Осылайша болашақ чемпиондар Қарасай ауданының абыройын өзге өңірлерде де асқақтата түсті десек артық болмас.

Тартысты өткен турнирдің қортындысы бойынша «Үшқоңыр» спорт мектебінің оқушысы Алтынбек Әзінбек жарыстың «Ең үздік боксшысы» атанды. Шәкірттердің осындай нәтиже көрсетіп жатқанының өзі денешынықтыру-сауықтыру орталығының тағы бір жетістігі деп айтуға болады.

Кіл мықтылардың арасынан оза шапқан жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерді, одан бөлек, олардың бапкерлерін «Үшқоңыр» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дәурен Төлеген арнайы қабылдап, ізгі тілегін білдіріп, арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях