Әскерге шақырудың көктемгі науқаны бойынша ауданымызда жұмыстар атқарылуда

Әскерге шақырудың көктемгі науқаны бойынша ауданымызда жұмыстар атқарылуда

Таяу күндері ауданымызда жасы 18-ге толған, жауынгер болуға денсаулығы жарамды жігіттерді мерзімдік әскери қызметке шақыру науқаны басталады. Аталмыш науқан бойынша ауданымызда қандай жұмыстар жүргізілуде? Әскерге барғысы келетін жастарға қандай талаптар қойылады? деген сұрақтарға жауап алу үшін Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Бекмырза Жүсіппен сұхбаттасты.

Бекмырза Мұхамбетиярұлының айтуынша ауданымыз бойынша әскерге шақырудың көктемгі науқаны бойынша дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілі жатыр. Ең алдымен оның басталу жайлы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен, жан-жақты насихаттау шаралары іске асырылды. Әскерге шақыру науқаны басталғанға дейін медициналық комиссия құрамын дәрігер мамандармен, керекті құрал-жабдықтармен, мүліктермен, тиісті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету сияқты да істер атқарылуда. Мұнан бөлек, болашақ жас сарбаздардың өздерімен де, ата-аналарымен де түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, сұхбаттасу барысында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы жастарға ең басты қойылатын талап ол денсаулығының жақсы болуы екенін де айтып өтті. Жалпы, әскери құрам үшін азаматтардың бойының ұзындығы талапқа сай болуы, ал, десанттық-шабуылшы әскеріне баратындардың бойы 170-180 аралығынан кем болмауы керек. Мемлекеттік күзет қызметіне қабылданатындар үшін, сонымен қатар, салмағына да талаптар қойылады. Атап айтқанда, дене салмағы мен бойының арақатынасы, яғни, дене салмағының индексі анықталады. Денсаулығы жағынан бір ақаулары бар жастарда әскерге баратындығын оларды А1, А2, А3 деген санаттар бойынша бөліп, әрқайсысын лайықты бөлімдерге жіберетіндігін жеткізді. Ал, білімі мен басқа да шығармашылық немесе спорттық жетістіктері бар азаматтарды, әрине, мәртебелі әскер түріне қарай бағытталатын болады. Сондай-ақ, Бекмырза Мұхамбетиярұлы әңгімелесу барысында соңғы жылдары әскерге барушылардың қатары жыл сайын көбейіп келетіндігін айтып өтті.

– Біз – облыс бойынша алдынғы қатарда келе жатқан аудандардың біріміз. Мәселен, өткен жылы да, биыл да шақырушыларды берілген тапсырмадан көбірек жинадық. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Себебі, бұл ең бірінші кезекте қазіргі жастарымыздың патриоттық сезімі жоғары әрі елінің алдындағы борышын өтегісі келетіндігін білдіреді деп ойлаймын, – деді майор.

Жалпы, әскерге шақыру науқанының көктемгі кезеңі наурыз айынан басталатын болады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях