СДУ мемлекеттік сектормен стратегиялық серіктестікті нығайтуда

СДУ мемлекеттік сектормен стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Білім беру мен гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Сулейман Демирел университетінің делегациясы Алматы облысы әкімдігіне қызметтік іс-сапармен барып қайтты, деп хабарлайды «Karasayinfo.kz» желілік басылымы СДУ баспасөз бөліміне сілтеме жасап. Алматы облысы әкімдігінің «Open Jetisy» жобалық кеңсесінде университет өкілдері Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев пен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаевпен кездесті. Тараптар білім беру саласының өзекті мәселелерін ортаға салып және аталмыш саланы дамыту бойынша ортақ серіктестік орнату сұрақтарын кеңінен талқылады.

СДУ президенті Мейірбек Мажитов кездесу қатысушыларына университетті трансформациялау аясындағы жүргізіліп отырған жоспарлы жұмыс туралы баяндады. Оның негізгі бағыты – мемлекеттік, корпоративтік және үкіметтік емес ұйымдармен қызметтік қарым-қатынасты нығайтуды жолға қоюдың зор маңыздылығын атап өтті. Кездесу аясында Алматы облысы әкімі атынан әлеуметтік жағдайы төмен жастарға университеттің  педагогигалық және инженерлік мамандықтары бойынша арнайы білім беру гранттарын бөлу, оқу орнының базасында «Саналы ұрпақ» жазғы балалар лагерін ашу, орта мектеп ұстаздарына арналған оқу-жаттығу семинарлары мен шеберлік сағаттар топтамасын жүргізу бойынша келісімге қол жеткізілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях