Саналы ұрпақ – ұлт кепілі

Саналы ұрпақ – ұлт кепілі

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Елбасымыз сыбайлас жемқорлықты ұлтымыздың қәуіпсіздігіне төнген қатерлердің бірі, әрі қоғам болып онымен күресуге шақырған болатын. Соған байланысты елімізде көптеген игі істер жасалынып жатыр. Солардың бірегейі – «Саналы ұрпақ» деп аталатын жемқорлыққа қарсы бастама.

Осы жобаны түсіндіру аясында кеше аудан орталығында орналасқан Сулеймен Демирел университетінде ел мүддесі, өскелең ұрпақтың келешегі үшін ауқымды басқосу болды. Білім ордасына арнайы іс-сапармен келген мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев, Республикалық «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобалық офисінің басшысы Қайыржан Тоқушев пен университет басшылары арасында келісімді кездесу өтті. Басты мақсат – осы білім ошағында «Саналы ұрпақ» жемқорлыққа қарсы технологиялар жобасын қалыптастыру. Арнайы жұмыс барысымен келген делегаттар жұмыс жоспарын бөлісер алдында, ауданымыздағы сәулеті жарасқан білім ошағының түкпір-түкпірін аралап, студент өмірлерімен танысты. Стандартқа сай тұрғызылған университеттің тыныс-тіршілігі мен жеткен жетістіктері келген қонақтардың көңілінен шықты.

Жұмыс барысымен келген меймандар Сулеймен Демирел университетінің президенті Мейірбек Мажитов пен ректоры Қанат Темірғалиұлы арасында кеңестік келіссөз болды. Оған аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева, қала әкімі Асқар Мұқашев және білім бөлімінің басшысы Жарқын Нұрғалимов те қатысып, ойларын бөлісті. Бұл отырыстан кейін  Серікбай Өрікбайұлы мен  Қайыржан Ахметбекұлы студенттермен ашық әңгіме аясында кездесу өткізді. Білім алушыларға «Саналы ұрпақ» жемқорлыққа қарсы технологиялар жобасы кеңінен айтылып, бірқатар сұрақтар төңірегінде пікір алмасу болды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях