САЙЛАУ КҮНІ БОЛАТЫН АУДАНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Еліміздің басты саяси күні болып саналатын Президенттік сайлау күні ауданымызда кейбір қоғамдық өзгерістер болады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

9 маусым – ҚР Президентінің сайлау күні екені баршаңызға белгілі. Саяси науқанға қатысты көптеген дайындық шаралар ұйымдастырылып, қоғамдық өзгерістер көрініс табады. Мысалы, кейбір өңірлердегі базарлардың жұмыс кестесі өзгеріп, жолаушы тасымалдаушы көліктер тегін қызмет атқарады. Біздің ауданымызда да осы сияқты бірқатар өзгерістер орын алып, сайлау күнінде тұрғындарға қолайлы жағдай да жасалмақ. Мәселен, 9 маусым, яғни, жексенбі күні №451 бағыттағы «ЦОН – Алматы», №457 бағыттағы  «Шамалған – Алматы» және №459 бағытта қызмет көрсететін «Қаскелең – Алматы» қоғамдық көліктері тек Қаскелең қаласы бойынша түрғындарды тегін тасымалдап, қызмет көрсететін болады. Аталған шағын автобустар күнделікті жұмыс кестесіне сәйкес 6:00-ден 21:00-ге жұмыс атқарады. Сондай-ақ, дәл осы сайлау күні ауданымызға қарасты «Алтын Орда» мен «7 құрдас» базарлары еркін жұмыс кестесімен қызмет атқаратын болады. Яғни, сауда орталығындағы сатушылар кез-келген уақытта базар жұмысын тоқтатып, сайлауға қатысып, дауыс бере алады. Ал, Қаскелең қаласындағы «Жер-Ана» орталық базары 9 маусым күні күнделікті жұмыс уақытын бір сағатқа қысқартып, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін сатып алушыларға қызмет көрсететін болады.

Естеріңізге сала кетсек, ауданымыз бойынша 101 сайлау учаскесі бар болса, олардың барлығы 9 маусым күні сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс атқаратын болады. Барлықтарыңызды азаматтық ұстанымдарыңызбен белсенділік танытып, Президент үміткеріне өз дауыстарыңызды беруге шақырамыз!

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях