Сағынтаевқа хабарланғаннан кейін Алматыдағы той өтпейтін болды  

Сағынтаевқа хабарланғаннан кейін Алматыдағы той өтпейтін болды   

Алматыда бақылау тобы қала тұрғындарының бірі шағымданған мейрамхананы тексерді, – деп хабарлайды karasayinfo.kz   желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін бұл ақпаратты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа тікелей эфир кезінде тұрғын айтқан болатын.

«Бүгін мониторинг тобы осы нысанға барды. Шара тоқтатылды. Мейрамхана басшылығымен карантин талаптарының сақталуы туралы профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деді Санитарлық-эпидемиологиялық департамент басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабұлов.

14 тамызында мониторингтік топ алдын алу мақсатында осы мекемеде қайта рейд жүргізеді

Айта кетейік, Akimat live бағдарламасының тікелей эфирінде тұрғындардың бірі жақын арада қаладағы мейрамханалардың бірінде той өтетінін айтқаны хабарланған болатын. Оның айтуынша, Алматыдағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шектеулеріне қарамастан ұйымдастырылып жатқан отбасылық мерекені болдырмау керек.

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях