Сіздерді жылдың ең әсерлі оқиғаларының бірі Қазақстан халқы ұлттық тағамдарының «Тойқазан – 2017» мерекесіне шақырамыз!
Бесінші мерейтойлық фестиваль – «Тойқазан дәстүрдің нағыз дәмі!» ұранымен өтеді.
Іс-шараның басты идеясы – Қазақстан халқының алуан түрлі тағамдарын дәріптеу арқылы, біздің көпұлтты елімізде тұратын барлық халықтардың достық пен бауырластығын нығайту.
«Тойқазан» фестивалінің бағдарламасында:
Қазақстан Республикасында тұратын 100-ден астам ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрі көрсетіледі;
Әр ұлттың киім үлгісі, тағамдары, әндері мен билері шырқалып, спорттық жарыстар ұйымдастырылады;
Алматы облысы мен Алматы қаласының ең үздік мейрамханалары өз аспазшыларының ашық аспан астында әзірлеген түрлі тағамдарын ұсынады;
Тоқтаусыз музыка;
Әдебиет және проза әуесқойларына арналған «Кітап Фест» шарасы;
Әр ұлттың өзіне тән шай әзірлеу дәстүрі көрсетіліп, әлемге әйгілі шай брендтері мен шәй сұрыптарынан дәм татқызады.
Шараға 10 000-ға жуық қатысушы мен қонақтардың келуі күтілуде.
Өтетін орны: Талғар ауданы, Алатау селолық округі, «Алатау» шаңғы биатлон кешені (Талғар қаласынан 13 шақырым).
Өтетін күні: 26.08.2017 ж. сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін.
Келіңіздер, көріңіздер!
Шараны ұйымдастырушылар: Алматы облысы мен Алматы қаласы әкімдіктері, «Парыз» қайырымдылық қоры және Франчайзингтің Еуразиялық қауымдастығы.
Қосымша сауалдарыңыз болса, шараны ұйымдастырушы Асанова Жаннаға 8 701 888 08 34 нөміріне хабарласыңыз.