Қарасай ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарасай ауданы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қарасай ауданы әкімі Жасұлан Естеновтің жаңа орынбасары бүгіннен бастап қызметіне кірісті, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Бүгін аудан әкімі Жасұлан Естенов өзінің орынбасары ретінде Рустам Атчабаровты тағайындады. Оның қызметтік жолына сәттілік тілеп, алда атқаратын жұмысына сенім білдірді.

Атчабаров Рустам Әмірғалиұлы – 1978 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылының тумасы. 2004 жылы Алматы қаласында Экономика және құқық академиясын «құқықтану»  мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылдың наурызында Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастаған.

2006-2009 жылдары Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрмен жұмыс бөлімінде жұмыс істеді.

2009-2011 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының және Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып еңбек етті.

2011-2016 жылдары  ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болды. 2016 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін Алматы облысы әкімінің аппаратында қызмет атқарды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях