Республикалық бәсеке өз мәресіне жетті

Республикалық бәсеке өз мәресіне жетті

Sorry, this entry is only available in Русский.

Үшқоңыр ауылында өтіп жатқан киокушинкай-кан каратэден республикалық бәсеке өз мәресіне жетті. Турнир «EXPO – 2017» халықаралық көрмесіне арналып, онда еліміздің барлық ірі қалаларынан 8 спорт клубының спортшылары бақ сынасты. Жалпы, 200-ге жуық каратэшінің басын қосқан бұл сайыстың мақсаты шығыс жекпе-жек спорт түрін дамытып, жас қатысушылардың шеберлігін шыңдау болатын. Сонымен қатар, аталған спорт түрі бойынша әділ қазылардың тәжірибесін арттырып, сапа жұмысын жетілдіруге бағытталды.

Жалпы, жарыста қатысушылардың бар күш жігерін толық жұмсап, жеңіске талпынып жатқандығы анық байқалды. Барлығының шебер дайындықпен келгендігі боз кілем үстінде қолданған әдіс-тәсілдерінен көрініп тұрды. Қорытынды есеп бойынша біздің қарасайлық «Батыр бала» спорт клубының 4 каратэшесі алтын медальді жеңіп алды. Атап айтқанда, қыздар ішінде 16-17 жас аралығындағы Іңкәр Ерденбекова мен 8-9 жас аралығындағы Әмина Тілеуқабылова, 12-13 жастағы 40 келі салмаққа дейін Медет Әжібек пен 18 жастан жоғары дәрежеде Нұрсұлтан Ертаев жеңіс тұғырынан көрінді. Олардың барлығына медальдар мен дипломдар табысталып, бағалы сыйлықтар ұсынылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях