Мемлекеттік қызметшілер арасындағы жарыс

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы жарыс

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жуырда Алтын ауыл мектебінің стадионда, кәсіби мерекелеріне орай, Қарасай ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында шағын футболдан жарыс өтті. Жолдастық кездесу Іргелі ауылдық округі әкімдігінің командасының пайдасына шешілді. Саламатты өмір салтын насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған мұндай жолдастық кездесулер әр жылы өткізіліп тұрады. Аудандағы 11 округтің жергілікті атқарушы орындарында қызмет ететін азаматтар сынға түскен биылғы кездесу тартысты болды. Барлық команданың өкілдері күннің ыстығына қарамастан бір-біріне дес бермеді. Іс-шара басында аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Серік Қамзанов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Сонымен, қортынды нәтиже бойынша, іргеліліктерге жол беріп қойған Қарасай ауданы әкімдігінің командасы 2-ші орынға табан тіресе, Бірінші Май ауылдық округінің спортшылары 3-ші орынды жеңіп алды. Қызықты өткен сайыстың жеңімпаздарына әртүрлі бағалы сыйлықтар, диплом мен медальдар табысталды. Сонымен қатар, футбол алаңында ерекше өнер көрсетіп, көзге түскендер де шетте қалмай, түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях